31 мам, 2021 сағат 09:27

Ресейдің Екатеринбург қаласында көшедегілерге оқ жаудырған ер адам ұсталды


Екатеринбург қаласында көшедегілерге оқ жаудырған ер адам ұсталды. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Екатеринбургте баланы өлтіруге әрекеттенген және құқық қорғау органдарының қызметкеріне қауіп төндірген күдікті ұсталды. Бұл факті бойынша Ресейдің Свердлов облысындағы Тергеу комитетінің тергеу органдары РФ Қылмыстық кодексінің 3-бабы 30-бөлігі, 2-бабының 105-бөлігі және 317-бабы («Жас баланы өлтірмек болу; Құқық қорғау органдарының қызметкеріне қауіп төндіру») бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген Тергеу комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Облыстағы ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Валерий Горелых операцияның аяқталғанын айтты. 

«Ұсталған күдіктіден жауап алынады», – деді ол. 

Ер адамды ұстау үшін жарық және дыбыс гранатасы қолданылды. Қылмыскер қарсыласып, арнайы жасаққа қарай 10 рет оқ атқан.

Барлық оқ броньды сауытқа тиді. Жасақ өкілдерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті пәтеріне шабуыл жасалып, ол ұсталып полицияға тапсырылды.