"Единая Россия" партиясы Мемлекеттік дума сайлауында 49,82 пайыз дауыс жинады, деп хабарлады РИА Новости.
ОСК мәліметіне сәйкес, хаттамалардың 100 пайызы саналды.
Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы 18,93 пайызбен - екінші, ЛДПР 7,55 пайызбен үшінші орынды иеленді. Үздік бестіктің қатарына "Справедливая Россия — За правду" (7,46), "Новые люди" (5,32) енді.
Мемлекеттік думаға федералды округ бойынша бес пайыздық межені еңсерген бес партия өтеді.
Сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша парламенттің төменгі палатасына жеті саяси қозғалыстың өкілдері мен өзін-өзі ұсынушылар кіреді.
Дума және жергілікті сайлауларда дауыс беру Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында өтті. Сайлауға қатысушылар 51 пайыздан асты.
