Ресейде бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогында бүгін екі қазақстандық жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Алғашқы жолдама 60 келі салмақта түсті. Қазақстандық Бекнұр Ожанов үндістандық Вариндер Сингхті жеңді.
Ал 69 келіде Асланбек Шымбергенов таиландтық Вутичай Масукты тізе бүктірді. Осылайша жартылай финал жолдамасына қол жеткізді.
Халықаралық турнирде бүгін 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысы Дилшод Рузметовпен қолғап түйістіреді.