01 шіл, 2020 сағат 20:00

Ресейдегі қазақстандықтар 15 қыркүйекке дейін тіркеуден босатылды

Қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркеуден босатылады, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі.

Ресей президенті Владимир Путин COVID-19 індетіне байланысты шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы жарлыққа қол қойды. 

"15 наурыз-15 қыркүйек аралығында тіркеу мерзімі аяқталатын Қазақстан азаматтарына айыппұл салынбайды, депортацияланбайды", - деп жазылған елшіліктің сайтында.

15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін қазақстандықтар тіркеуден өтетін болады.

Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды болады.