31 нау, 2021 сағат 06:26

Ресейде траулер аударылып екі жұмысшы мерт болды

Сүңгуірлер Ленинград облысындағы зауыт маңындағы су қоймасында аударылған кемеден екінші жұмысшының мәйітін тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Қайтыс болған екінші адамның мәйіті шамамен бір жерден табылды, бұл – әйел», – деді РФ Тергеу комитетінің жергілікті басқармасының өкіліү 

Бұған дейін Тергеу комитеті кеменің артқы жағынан ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған. Төтенше жағдайдан кейін барлығы екі адам хабар-ошарсыз кетті деп саналды. 

Еске сала кетейік, оқыс оқиға сейсенбіде Мәскеу уақытымен 15:15 шамасында «Пелла» кеме жасау зауытында болды. 

ТЖМ аймақтық басқармасының хабарлауынша, кеме қисайып, оның трюміне су кіре бастаған, бірақ кейін су кіру тоқтатылды, траулер жанына қисайған күйінде қалды. 

Дереккөздің хабарлауынша, бұл «Скорпион» траулері болған.