Фото: Pexels.com
Ресей мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандарға діни негізде көп әйел алуға рұқсат берді. Исламтанушылар кеңесінің шешімі бойынша, мұсылман ер адамдар төртке дейін діни неке қия алады, деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдиновтың айтуынша, үлемдер кеңесі мұсылмандарға төрт әйел алуға тек белгілі шарттарды орындаған жағдайда рұқсат еткен. Ер адам әйелдеріне әділдік танытып, олардың құқықтарын тең қамтамасыз етуге міндетті.
"Егер ерлі-зайыптының денсаулығына байланысты, репродуктивті жасының аяқталуына байланысты немесе басқа да объективті себептермен, айталық, жұбайының жыныстық үйлесімсіздігінен бала көтеруге қабілетсіздігі болса, рұқсат етіледі", - деп түсіндірді ол.
Діни басқарма ер адамдардың жаңа некеге тұру ниетін қазіргі жұбайына міндетті түрде хабарлауы керек екенін баса айтты.
"Егер әйелі (екінші әйелі) бұл туралы хабардар болмаса және оған шыдауға дайын болмаса, онда оның некесінің тоқтатылуын талап етуге толыққанды құқығы бар", - деп қосты мүфти.