12 шіл, 2022 сағат 16:00

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі Роспотребнадзордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Ауру Еуропа елдерінен сапардан оралған тұрғыннан анықталды. Ол бөртпені көріп, медициналық мекемеге жүгінген", - делінген хабарламада.

Роспотребнадзор хабарлауынша, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Ол оқшауланған және инфекциялық бейіндегі медициналық мекемеге жатқызылды.

"Ресей Федерациясында маймыл шешегінің таралу мүмкіндігі тоқтатылды. Алғашқы науқаспен байланыста болғандардың бәрі дәрігерлердің бақылауында", деп атап өтті Роспотребнадзор.

Ол пәтерде жалғыз тұрды. Барлық байланыста болған адам медициналық бақылауда болады.

Сондай-ақ, ведомство маймыл шешегін анықтауға арналған реагенттер жиынтығы елде жеткілікті мөлшерде бар екенін атап өтті. Ал табиғи шешекке қарсы бұрын жүргізілген вакцинация маймыл шешегінің ауыр өту қаупін төмендетеді.