20 мау, 2020 сағат 15:00

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны 8 мыңнан асты

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтыру жағдайларының саны 7 889 адамды құрады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметі бойынша Ресейде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 576 952 адамға жетті. 

Төрт күн бойы тәуліктік өсім 1,4% деңгейінде тұр. Ең аз өсім Мәскеуде (0,5%) тіркелген. Ел астанасында төрт күн бойы бұл көрсеткіш сақталып отыр. Мәскеуде бір тәулікте 1 057 жаңа оқиға анықталды. Сондай-ақ, ең аз өсім қарқыны Солтүстік Осетияда (0,8%), Татарстанда (0,9%), Ингушетияда (1%) және Еврей автономды округы (АО) (1%) тіркелген. Ауру жұқтырудың 280 жаңа жағдайы Ханты-Мансы автономды округінде, Санкт - Петербургте 232, Нижегород облысында 228 және Свердловск облысында 224 жаңа коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталды. 

Ресейде қазіргі уақытта 234 358 адам ем қабылдауда. Бір тәулікте емделушілердің саны 10 186 адамға өсті. 334 592 адам сауығып ауруханадан шықты. 

РФ-да сауығып шыққандардың саны коронавирусты жұқтырғандардың жалпы санының 58%-ын құрайды. Бір тәулік ішінде Мәскеуде 2 115, Санкт-Петербургте 794, Свердловск облысында 299, Нижегород облысында 282 және Челябі облысында 248 науқас емделіп шықты. 

Ресейде коронавирустан тәулік ішінде 161 адам қайтыс болды.