Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 20 582 адамға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген елдегі ең жоғары көрсеткіш. РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша өсім 1,2%-ға артқан.
Бір тәулікте жазылып шыққан ресейліктердің саны 16 955 адамға жетті. Елде жалпы 1 296 124 пациент сауығып шыққан. Бұл барлық вирусқа шалдыққандардың 74,8%-ын құрайды.
Ресейде коронавирустан бір тәулікте 378 адам көз жұмған. Инфекциядан жалпы 29 887 пациент қайтыс болған.