Фото biletik.aero
Ресейдің Мәскеу облысында сынақ рейсі кезінде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты. Бұл туралы ресейлік Telegram-арналар жазды.
Мысалы Varlamov арнасының мәліметінше, борт Ватулино кентінің жанындағы аэродром аймағында құлаған. Ішінде ұшқыш пен оның көмекшісі болды.
Mash арнасының мәліметінше, бұл ұшақты жергілікті парашют клубы пайдаланып келген.