Сурет: Владимир Зеленскийдің ТГ каналынан
Киевтегі балалар ауруханасы зымыран соққысына ұшырады. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңертең Киевте әуе шабуылына қарсы қорғаныс басталды, деп хабарлады аймақтық әкімшіліктің өкілі.
Қалаға зымыран соққысынан 11 адам зардап шекті, оның сегізі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Киев мэрі Виталий Кличко. Әскери әкімшіліктің алдын-ала мәліметтері бойынша жеті адам қаза тапты.
Атыс салдарынан тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары және балалар ауруханасының ғимараттарының бірі зақымданды. Пациенттер қаланың басқа медициналық мекемелеріне эвакуацияланады.
Украина Президенті Кеңсесінің кеңесшісі Андрей Ермак азаматтық инфрақұрылымды атқылау салдарынан Кривой Рогта көп адам зардап шеккен.
"Ресейлік террористер Украинаға тағы да жаппай шабуыл жасады. Олардың қатарында: Киев, Днепр, Кривой Рог, Славянск, Краматорск. Әр түрлі типтегі 40-тан астам зымыран. Тұрғын үйлер, инфрақұрылым және балалар ауруханасы бүлінген", - деді Владимир Зеленский Telegram-да.
Қазіргі уақытта еріктілер мен аурухана қызметкерлері мекеме аумағындағы қоқыстарды тазартуда.