14 ақп, 2021 сағат 08:31

Ресей шетелдік интернет-платформаларды шектеу мәселесін жоққа шығармайды

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин жаулық әрекеттер анықталған жағдайда шетелдік интернет-платформаларға шектеу қою мәселесін қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Владимир Путиннің айтуынша, ел билігі Ресейдің «өзінің» баламалы өнімі болмайынша «ештеңені қолға алмайды».

«Мәселен, менде бірдеңені бұрап бекітерлік ниет жоқ. Бірақ қандай да бір жаулық әрекеттер іске асырылса, мен мұндай әрекетті (шектеуді) жоққа шығара алмаймын. Біздің елге қарсы жаулық әрекеттерге жол берілмейді», - деді Владимир Путин ресейлік БАҚ-тың бас редакторларымен кездесу барысында.

«Бұрап бекітерлік жағдай өзіміздің мүмкіндігіміз болғанда ғана болады. Бәрі де сол кездегі жағдайға байланысты», - дейді ресейлік көшбасшы.

Оның ойынша, егер шетелдегілер «балама барын көрсе, осы нарықта монополиялық тәртіпке ие болмаса, өздерін басқаша ұстайды».

«Біздің азаматтарға проблема туындатарлық және қолданушыларға кедергі боларлық қолдан ештеңе істемейміз. Себебі ол әдіс бізге ұнамайды. Жоқ, әрине. Алайда жасырын шабуылдарға келсек, әлбетте оған жауап бермей отыра алмаймыз. Менің ойымша, олар нарықтағы монополиясын жоғалта бастағанына қарай жағдайды түсіне бастайды», - деді ол.