#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Путин Тоқаевты Жеңіс парадына шақырды

  • 26.05.2020
  • 0
  • 334

Ресей тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Тараптар COVID-19 пандемиясына қатысты қазіргі ахуал мен індеттің таралуына қарсы күреске байланысты екі елдің қабылдаған шаралары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты талқылады.

Әңгіме соңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды. Қазақстан Президенті шақыртуды ризашылықпен қабыл алды.

Айта кетейік, Ресейде Жеңіс парады 24 маусымда өтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар