Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға ұшып келеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәліметінше, Мишустин Қазақстан астанасында жұмыс сапарымен 18-19 тамыз аралығында болады.
"Михаил Мишустин Қазақстан мремьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, Ресей премьер-министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі", - делінген ресми хабарламада.
