23 қыр, 2022 сағат 11:11

Ресей мен Қазақстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек видеоға түсірілді

фото: t.me/uralskweek_kz

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Ресейден Қазақстанға кіру бекеттеріндегі кептелістің видеоларын жариялады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, бұл видео 22 қыркүйекке қараған түнде Батыс Қазақстан облысындағы Маштаково - Сырым шекара өткелінде түсірілген.

Ресейдің Озинки кентінің маңында Батыс Қазақстан облысына кірудің басқа пунктінде де шақырым жердей кептелістер пайда болды. Видео авторы қозғалыссыз шамамен 10 сағат кезекте тұрғанын айтады.

Көлік кезегі түсірілген видеоны қостанайлық "Наша газета" да жариялады. Роликтің авторы мұндай кезектер Троицк қаласында пайда болғанын хабарлайды. Сонымен бірге, комментаторлар бұл шекара бекетінде кептелістер жиі болатынын және ертерек пайда болғанын атап өтті.

Суреттерге қарағанда адамдар шекарадан жаяу да өткен.


Фото: t.me/uralskweek_kz

Сонымен қатар, Telegram-да бірнеше топ пайда болды, онда пайдаланушылар жеке тәжірибелерін бөлісіп, бір-біріне бизнесті Қазақстанға көшіруде көмектеседі.