07 там, 2017 сағат 13:21

Ресей-Қытай шекарасы жабылды

Приморьеде Краскин өткізу пункті арқылы ресей-қытайлық шекара жағына шығаберісті су шайып кеткеннен кейін жол жабылды, деп хабарлады өлке әкімшілігі. 

«Хасанск ауданында жолды су шайып кетті. Краскино өткізу пункті арқылы ресейлік-қытайлық шекара жағына жол жабық. Қазіргі уақытта өлкенің туроператорлары мен туркомпаниялары өкілдерімен шұғыл мәжіліс өтті. Кездесуге қатысушылар Хасанск ауданында «Краскино» өткізу пункті арқылы ҚХР-мен шекара жағына жолға шықпауды ұсынды», - делінген хабарламада.

Приморьенің үш ауданында жеті елді мекенді су басты. Уссурийскіде жолдарды су шайып кеткен,  мұнда төтенше жағдай режімі енгізілді.