10 там, 2017 сағат 09:16

Ресей әскери ұшағы Пентагон мен Ақ үйдің үстінен ұшып өткен

Ашық аспан келісімшарты аясында РФ әуе-ғарыштық күштерінің ұшағы Вашингтон орталығы мен Америка астанасы аймағын бақылау ұшуын орындады. 

Ұшақ бағдары бойынша қорғаныс министрлігі, орталық барлаушы басқарма, Конгресс және Ақ үй үстінен ұшып өтуі тиіс, деп хабарлады CNN.

Америкалық БАҚ мәліметтерінше, Ту-154М қазір АҚШ президенті Дональд Трамп еңбек демалысын өткізіп жатқан Бедминстердің (Нью-Джерси штаты) үстінен ұшып өтуі керек болған. Ұшақ Кэмп-Дэвидте (Мэриленд) қала сыртындағы америкалық көшбасшылар резиденциясының, Райт-Пэттерсон (Огайо) әскери базасы және Маунт-Уэзер (Вирджиния) жерасты командалық пунктінің маңайынан өтті. Сондай-ақ,  ол Вашингтон түбінде (Мэриленд штаты) орналасқан Эндрюс әскери базасының үстінен ұшты.

Жаңа жоспарды Ресей және АҚШ толықтай мақұлдағандығын ақпарат агенттігіне мемлекеттік департамент өкілі мәлім етті.

Ұшақ бағытын дайындау Америка тарапынан жүзеге асырылған. Ашық аспан жөніндегі келісімге 1992 жылдың көктемінде Хельсинкиде қол қойылған болатын.