02 қыр, 2024 сағат 11:39

Ресей әскері Украинаның Харьков облысына 10 шақты соққы жасады: 97 адам зардап шекті


Ресей әскерилері жексенбі күні түстен кейін Украинаның Харьков облысына 10-ға жуық соққы берді. Соңғы мәліметтер бойынша, 97-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлайды Харків Times.

Харьков мэрі Игорь Тереховтың айтуынша, салдарынан жеке тұрғын үй ауданы, супермаркет өртеніп кеткен.
Облыстық әскери басқарма басшысы Олег Синегубов азаматтық инфрақұрылымға, соның ішінде спорт кешені мен "Нова Пошта" филиалына зақым келгенін атап өтті.

Кейінгі мәліметтер бойынша жараланғандар саны 97-ге жетті. Оның ішінде бес бала және екі медицина қызметкері бар. 

Харьковте 30 тамыз ресейлік әуе шабуылынан қаза тапқандар үшін аза тұту жарияланды.

Шабуыл салдарынан алты адам қаза тапты, оның ішінде 14 жастағы қыз бар. Қаза тапқандардың бірі – 18 жастағы украиналық суретші Вероника Кожушко.