06 мам, 2020 сағат 16:57

Рахым Ошақбаев мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта форматтауды ұсынды

«Tалап» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Рахым Ошақбаев Қазақстанда мемлекеттік басқаруды одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарапшының пікірінше, неғұрлым тиімді мемлекеттік басқару мен азаматтардың басқарушылық шешімдерді қалыптастыруға қатысуына сұраныс әлемдік трендке айналып отыр. 

«Жүргізілген талдау мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта форматтау, экономикадағы мемлекеттің үлесін қысқарту, азаматтық қоғамды мемлекеттік саясатты әзірлеуге тарту және басқарушылық шешімдерді қабылдау қажеттігін көрсетті. Проблемалы аймақтар арасында біз мыналарды анықтадық: жоспарлаудың тар шеңбері немесе «шотермизм», мемлекеттік жоспарлаудың үлкен жүйесі, мемлекеттік функциялардың артықтығы және қайталануы, мемлекеттік аппараттың технологиялылығы мен цифрлануының төмен деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың азаматтармен өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімсіздігі. Парадигманы ауыстырып, түбегейлі жаңа тәсілдерді енгізу қажет», - дейді Рахым Ошақбаев Қазақстанды модернизациялау және жүйелі реформаларды жүргізу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын таныстыру кезінде. 

Айта кетсек, бүгінгі онлайн баспасөз мәслихатында Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары елді жаңғырту мәселелері бойынша жүргізілген жүйелі сараптамалық зерттеу нәтижелерін таныстырған болатын. Ғылыми жобаның басты қорытындылары онлайн-көрсетілім барысында таныстырылды. Ауқымды зерттеу жұмысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының тапсырмасы бойынша 2019 жылы басталған.