17 қаң, 2023 сағат 09:21

Raim Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы ақпаратқа нүкте қойды

Фото: instagram.com/raimkzt

Raim лақап атымен белгілі әнші Райымбек Бақтыгереев әнші Ерке Есмаханмен қарым-қатынасы туралы қауесеттерге нүкте қойып, сурет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Райымбек Еркемен түскен суретін Instagram-да бөлісті. Осылайша, Raim Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы қауесеттерді растағандай болған. Алайда әнші ешқандай пікір білдірмеген. Суретте Ерке мен Райымбек Римдегі Санта-Мария-делла-Салюте шіркеуінің алдында орналасқан мейрамханада тамақтанып отыр.

Бұл - TikTok қолданушылары Raim-ның қолынан танып қойған сурет. Желіде тараған суретте Райымбек Бақтыгереевтің өзі көрінбей, тек қолымен Еркенің бетінен ұстап тұрған болатын.

Айта кетейік, Raim - қазақстандық музыкант, әнші, рэп орындаушы. 1996 жылы Орал қаласында туған. Көпшілікке Raim-Artur тобында мүше кезінде "Самая вышка" әнімен танылған. Артынша Райымбек пен Артур бөлек өнер көрсетуді шешіп, топ тарап кетті. Бүгінде Райымбек бірнеше альбом шығарған. 

Еске салайық, Желіде бұған дейін Raim мен Еркенің арақатынасы туралы ақпарат тараған болатын.