30 сәу, 2021 сағат 18:46

QazVac вакцинасының келесі партиясы қашан дайын болады?


Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты мамыр айында QazCOVID-in вакцинасының 50 мың дозасын жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы институттың бас директоры Күнсұлу Закария Нұр-Сұлтанда журналистермен өткен кездесуде айтты.

«Сәуір айында біз вакцинаның алғашқы легінде 50 мың доза шығардық. Келесі мамыр айында «СҚ-Фармация» қоймаларына тағы 50 мың доза жеткізіледі. Маусымнан қыркүйекке дейін біздің вакцинаны жеткізу көлемі айына 500 мыңға дейін артады. «СҚ-Фармациямен жасалған келісімшарт бойынша жеткізілетін жалпы көлем – 2 млн доза», - деді Күнсұлу Закария.