Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты бүгінге дейін коронавиурске қарсы вакцинаның 5 түрін әзірлеген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов орталық коммуникациялар қызметінде осындай ақпарат берді.
«Бұдан бөлек институт суббірлікті вакцина жасап шығарды. Яғни алғашқысы инактивтендірілген вакцина болатын. Суббірлікті вакцина да клиникаға дейінгі сынақтан өтті. Оның нәтижесін де алдық. Өткен жылдың қарашасынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық зерттеуді бастауға рұқсат бергенін күтіп отырмыз. Сондай–ақ институт екі векторлық вакцина әзірледі. Осы инактивтендірілген әлсіретілген штамм алу үшін 100-ден астам зерттеу жүргізілді. Қазір ол вакцина да клиникаға дейінгі зерттеулерден өтіп жатыр», - деді вице-министр.