Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның атауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетсек, бұған дейін сатылымға шығарылатын қазақстандық вакцина QazVac деп аталатындығы хабарланған болатын.
«Өзге елдерде шығарылатын вакциналардың атауларын алып қарайық. Мәселен, «Спутник V» вакцинасы – бұл вакцинаның сауда атауы. Оның нағыз ғылыми атауы «Гам-КОВИД-Вак» деп аталады. Бұл атаулар ешкімде де сұрақ туындатпайды. Тағы да түсіндіріп өтейін қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы - QazCovid-in. Ал вакцинны сату үшін сауда атауы – QazVac», - деді Күнсұлу Закария Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының алаңында ұйымдастырылған баспасөз туры барысында.