31 нау, 2021 сағат 16:13

Qazcovid-in – әлем бойынша сынақтың 3 фазасына жеткен 14 вакцинаның бірі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміндегі 268 вакцинаның ішінде қазақстандық вакцина 14 болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінге дейін әлемде 268 кандидат вакцина тіркелгенімен, соның көбі сынақтың 3 фазасына дейін жетпеген. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Еркін Дәуітбаев айтты. 

«Клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өткеннен кейін оның нәтижелері Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты дәрілік заттар мен бұйымдарды сараптау орталығына берілді. Ол жерде біз жасаған вакцина тағы сынақтан өтті. Орталық өзі іріктеп алған жануарларға егілді. Тіпті жануарларға арналған дозасын 10 есе арттырып егіп көрді. Осы арқылы оның қаншалықты қауіпсіз және тиімді екені тексерілді. Нәтижесінде біздің инстиутқа ДСМ клиникалық сынақ жүргізуге рұқсат берді», - дейді веодмство өкілі.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина әлемдегі жүздеген вакцинаның ішінде сынақтың 3 фазасына өткен санаулы препараттың қатарына еніп отыр. 

«Сынақтың екінші фазасы былтыр қыркүйекте басталып, 244 еріктіге салу арқылы басталды. Бұл рекордтық мерзім болғанын айтқым келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміндегі басқа кандидат вакциналармен салыстырып қарасақ, 1 және 2 фазаның, 2 және 3 фазаның арасында рекордтық рекордтық мерзім қысқа болған. ДДҰ-ның тізімінде әлем бойынша 268 кандидат бар десек, біздің Qazcovid-in 3 фазаға дейін жетті 14 ші болып отыр. Бұл жұмыстың үлкен нәтижесі деуге болады», - деді Еркін Дәуітбаев.