04 там, 2017 сағат 13:25

Путин төртінші рет президент сайлауына түсуге ниетті

Ресей президенті Владимир Путин төртінші мерзімге президент болу үшін 2018 жылы наурыз айында өтетін сайлауға түсуді ойластырып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаттыққа сілтеме жасап. 

4 тамызда Бурятиядағы Байкал көлінің жағасында өткен жиында сөйлеген Путин сайлауға түсу жайлы жергілікті тұрғынның бейне байланыс арқылы "Халық сіздің алдағы сайлауға түскеніңізді қалайды" деген сөзіне жауабында айтты. Бейнебайланыспен хабарласқан адам өзін "Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерімін" деп таныстырды.

2000 жылдан бері президент, арасында бірер жыл премьер-министр ретінде билікте отырған Путинді көпшілік 2018 жылғы сайлауға кандидатурасын ұсынып, төртінші мерзімге сайланады деп санайды. Ресейде биліктің сайлауға қатысушыларды және сайлаушыларды бақылауы, орталық БАҚ-тар мен дауыстарды санау процедурасына ықпалы күшті болғандықтан сайлау нәтижелері көп жағдайда болжанғандай шығады.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін негізгі оппозициялық саясаткер Алексей Навальный қаржы жымқырды деп айыпталғандықтан сайлауға үміткер болып тіркеле алмайтынын мәлімдеген.