Қазақстан Ресубликасының Үкімет басшысы Асқар Мамин Ресей елінің Достық Орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Владимир Путиннің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.
«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамин Асқар Ұзақбайұлы Достық Орденімен марапатталсын», - делінген Ресей Федерацисы Президентінің 05.06.2021 жылғы «Ресей Федерациясының мемлекеттік наградаларымен мапараттау туралы» № 340 Жарлығы мәтінінде.
Айта кетейік, Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ты басқарған.
