25 сәу, 2022 сағат 14:29

Президенттің талабы – жас буынды жұмыс мамандықтарына оқытып үйрету – полковник Хамит Байкенов



Елордада Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж Қарулы күштер үшін кәсіби сержанттар дайындау мақсатында техникалық және кәсіптік бағдарламалар бойынша білім береді. Бұл тұрғыда оқу процесі мен жаңашылдықтар туралы Қорғаныс министрлігі Әскери колледж бастығының орынбасары, полковник Хамит Байкенов онлайн-брифинг бағдарламасында айтып берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Көптеген жастар мен олардың ата-аналарын әскери колледжде қандай мамандар даярлайтыны қызықтыратыны жасырын емес. Оқытылатын мамандықтар мен практикалық дәрістер туралы оқу орнының басшылығы да әңгімеледі.

«Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж 2021 жылы әскери білім саласын жетілдіру аясында республикалық мектебінің базасында құралған. Біздің әскери колледж техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны. Ол жерде біз Қарулы күштеріне арналған кіші командирлерді даярлаймыз. Мысалы, келесі мамандықтар бойынша - автоматтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әскери істегі, қару-жарақпен әскери техниканы техникалық қамтамсыз ету және жөндеу, үшінші мамандық радиациялық бөлімшелерді, Қорғаныс бөлімшелерді басқару және төртінші мамандық инженерлік-саперлік бөлімшелерді басқару», – дейді Әскери колледж бастығының орынбасары, полковник Хамит Байкенов.

Оның айтуынша, әскери колледжді тәмамдаған түлектер оқудан кейін мамандығы бойынша диплом, кіші сержант әскери атағын және жүргізуші курстарын аяқтағаны туралы куәлік алады. Одан әрі олар әскери бөлімшелерге лауазымдарға тағайындалып, қызмет атқаруға жіберіледі. Одан басқа оқуын үздік бітірген түлектер өз мамандығы бойынша жалғастыру үшін жоғары әскери оқу орындарына емтихансыз қабылдануға мүмкіндіктері бар. Әскери қызметке жіберілген түлектер толықтай әскери қызмет әлеуметтік пакетіне ие болады. Оның ішінде медициналық қамтамасыз ету, әскери киім-кешекпен, тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үйде жалдап алуға төлемақысына ие болады. Түлектер бөлім командирлеріне тағайындалады, олардың да әрі қарай өсу карьералары бар. Оның ішінде взвод командирі, рота командирі, батальон сержанты, бригада сержанты және одан жоғары лауазымдарға ие болады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің талабы – жас буынды жұмыс мамандықтарына оқытып үйрету. Оның ішінде біздің Қорғаныс министрлігі де бар. Осыған орай біздің әскери колледж оқу бағдарламасы модульді технология бойынша құрастырылған. Оның ішінде бірінші модуль – жалпы орта білім оқу пәндерін игеріп алу. Екінші курста жұмыс мамандығын игеру. Және үшінші курста біздің кадетте орта буын пәндерін игереді. Сонымен қатар, әскери білім саласын жетілдіру аясында көп назар практикалық оқытуға аударылады. Сонымен біздің оқу бағдарламасы 40% теориялық және 60% практикалық оқытудан тұрады. Оның ішінде, мысал келтірсек, бірінші курста олар екі апталық оқу-даярлық жаттығуына шығады. екінші-үшінші курста екі реттен, әр семестрді бір-бірден тағы да екі апталық оқу-жаттығу даярлығы бар. Ол оқу-жаттығу даярлықта біздің ұландар жалпы әскери пәндерінің практикалық түрде оқиды. Ол күнделікті ұрыс және әртүрлі жағдайда бөлімшелерін басқару, қару-жарақты игеру дегендей олар сол жерде практикалық тәжірибе алады. Сонымен қатар, үшінші курста олар төрт ай бойы әскери тағылымдамадан әскери бөлімшелерде өзінің болашақ лауазымдарында тағайындалып өтеді. Ол жерде олар тағы да оқу барысында қарамағындағы бөлімшелерді басқару, бөлімшеге берілген қару-жарақпен, әскери техникамен техниканы игеру. Оған қоса, әскери бөлімнің жауынгерлік даярлыққа шараларына толықтау қатысып, өзінің болашақ мамандығын практикалық тәжірибе алып, игеріп шығады», – дейді Әскери колледж бастығының орынбасары, полковник Хамит Байкенов.

Полковниктің айтуынша, Ұлттық қорғаныс университетінің технопарк базасында практикалық сабақтар өткізу бастаған. Бұл іс-шара бізде  Ұлттық қорғаныс университет пен әскери колледждің екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес жүргізілуде. Ол жерде ұландар металдан, материалдардан бөлшектеп жасау заманауи технологияларын оқиды.

«Біздің ұландар практикалық түрде кез келген бөлшекті үштеп принтермен модельдеу жасап немесе техтокер станоктарды өз қолымен жасап шығарады. Сол жерде алған практикалық тәжірибелері болашақта әскери қызметте қажет деп ойлаймын. Біздің әскери колледжге Қазақстан Республикасының әскери қызметшілер және олардың әскери мәртебесі туралы заңына сәйкес біздің колледжге Қазақстан Республикасының азаматтары 15 жасқа толған 17 жастан аспаған, негізгі орта білім куәліктері бар және денсаулық жағынан жарамды азаматтар түсе алады. Оқуға қабылдау конкурстық реттеу арқылы жүреді. Бірінші кезеңде үміткерлердің әскери психологиялық тұрақтылығын, дайындығын тексеру психологиялық тестілеу өтеді. Екінші кезеңде денсаулығының жарамдылығын анықтау үшін әскери медициналық куәлендіруден өтеді. Үшінші кезең талапкердің дене дайындығын тексереміз. Төртінші кезең – конкурстық іріктеу. Ол жерде жоғарыда айтылған үш кезеңнің жалпы нәтижелерін қосып, буындап тексереміз. Бесінші кезең – мандаттық комиссия. Ол жерде жоғары балл алған үміткерлер оқуға қабылданатын болады», – дейді Әскери колледж бастығының орынбасары, полковник Хамит Байкенов.