20 қыр, 2021 сағат 20:40

Президенттің ең қажетті анықтамаларды цифрлы түрде растау тапсырмасы орындалды


ҚР Президентінің ең қажетті анықтамаларды цифрлы түрде растау тапсырмасы орындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарындағы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Жыл соңына дейін ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап етілуін тоқтатып (47-ден 30-ы), мәліметті цифрлы түрде растау тәсілін қамтамасыз етуді тапсырамын... Мемлекеттік органдар жеке куәлікті, дипломды, жүргізуші куәлігін электронды түрде қабылдауға тиіс», - деген болатын. 

Ал Берік Уәлидің атап өтуінше, қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасында төмендегі құжаттардың цифрлық нұсқасы қолжетімді:

- Жеке куәлік;

- Жүргізуші куәлігі; 

- Туу туралы куәлік;

- Неке қию туралы куәлік;

- Аты-жөнін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік;

- Неке бұзу туралы куәлік;

- Электронды техникалық төлқұжат;

- ПТР талдамасының нәтижелері;

- Студент билеті;

- Білім аланы туралы диплом.

«Цифрлық құжаттар қағаз түріндегі түпнұсқасының электронды нұсқасы QR-код бойынша жасалады», - деді Президент баспасөз хатшысы.