01 қаз, 2021 сағат 14:24

Президент жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Мемлекет баcшысының баспасөз хатшысы мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.