Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан министрлер мен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың нақты талаптары әзірленеді. Бұл мәселеде енжарлық танытқан басшылар жауапқа тартылады.
Мемлекет басшысы бюджет қаржысын жұмсаудың ашықтығын одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайластықтың алдын алу шараларына басымдық беру туралы айтты.
Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражат пен активтерді іздестіруге және қайтаруға басымдық бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар жасағаны үшін жазаның бұлтартпас қағидатын мүлтіксіз сақтау қажет екеніне назар аударды.
