17 там, 2021 сағат 23:25

Президент Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдады


Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің ықпалдастығына тың серпін беру үшін Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 16 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөз жүргізді. Кейін екі елдің Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. 

«Қазақстан Кореямен серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән береді. Біз өзара тиімді әріптестікті жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен – «Samsung Electronics» компаниясының президенті Ин Ёнг Ли және «Doosan Heavy Industries & Construction» президенті Ёнг Инг Чонгпен екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сеулдағы Кибер университеттің аумағында орнатылған ұлы ақын Абай бюстінің ашылу рәсіміне қатысты.