23 там, 2021 сағат 09:11

Президент Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», делінген құжатта. 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Кореяға сапары кезінде Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізген еді. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына 16 тамызда мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөз жүргізді. Кейін екі елдің Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.