#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

  • 03.06.2020
  • 0
  • 269

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баяндалды.

Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты.

Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту, туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру және коронавирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар