10 шіл, 2020 сағат 10:00

Президент МӘМС пен «СК Фармация» басшысын жұмыстан шығаруға пәрмен берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС пен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС пен «СК Фармация» басшысы жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейне байланыс жүйесі арқылы болып жатыр. Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.