04 мау, 2021 сағат 15:22

Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп жатыр.