06 шіл, 2021 сағат 18:30

Президент қазақстандықтарды астана күнімен құттықтады


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Отандастарымызды Елорда күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала бой көтерді. Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.