Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Конституциялық Кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының Ата заңына сай келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір Заң нормаларын заңнамалық тұрғыдан нақтылау жөніндегі Конституциялық Кеңестің ұсыныстарын қарастыруды тапсырды», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.
