Португалияның Авиациялық оқиғалардың алдын алу және тергеу департаменті (GPIAAF) «Эйр Астана» әуекомпаниясының 1388 техникалық рейсінда болған оқиғаны тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
GPIAAF әуе кемесінің ұшуын басқару құралдарын егжей-тегжейлі зерттеу Португалияда техникалық қызмет көрсету кезінде элерондарды басқарудың кабельдік жүйесін дұрыс орнатпағанын көрсетті.
Embraer (SB 190-57-0038) сервис бюллетеніне сәйкес жасалған модификация ұшақта кабельді төсеу тірегін өзгертті. Бұл өзгеріс элерондарды басқару жүйесінің командаларын түсінуді қиындатты.
Техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалтқышты индикациялау және экипажды хабардар ету жүйесі (EICAS) «FLT CTRL NO DISPATCH« ескерту хабарламасын көрсетті.
Бұл ұшуды басқару жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі істен шыққанын білдіреді. Техникалық қызмет көрсетуші тарапынан ақауларды жою бойынша әрекеттер ұшақ өндірушісінің қолдауымен 11 күнге созылды.
Алайда, осы кезеңде элерон кабельдерінің өзгерісі анықталған жоқ.
Сондай-ақ, ұшу алдында әуе кемесінің эксплуатациялық тексерулері барысында бақылау кабельдерінің орын ауыстыруынан туындаған элерондардың дұрыс жұмыс істемеуі анықталмады» - делінген есепте.
Сондай-ақ, португалдық авиациялық оқиғасын тергеушілер қазақстандық әуе кемесі экипажының ұшақты басқару дағдылары мен кәсіби іс-қимылдарын атап өтті.
«Экипаж ұшақты тиімді басқара алмайтынын түсіне отырып, кейбір қалпына келтіру маневрлері кезінде тартылған жоғары конструкциялық жүктемелерде және қиылысқан командаларды пайдалана отырып тербелісті қозғалысты барынша азайтты. Ұшақ жүйелерінде ақау белгілері болмаса да, тек ұшудың қалыпты емес жағдайы туралы үнемі ескертумен, оны бақылау үшін күресуді жалғастыра отырып, ұшақтың қалыпты емес айналымының себебін диагностикалау кезінде дереу төтенше жағдай жарияланды. Жағдай жақсармады, орындалған траекториялар ұшақ пен борттағы адамдарды қарқынды жүктемелерге төтеп беруге мәжбүр етті, кейбір жағдайларда ұшақ өзін-өзі бақылауды бірнеше сәтке жоғалтты. Қиын жағдайды ескере отырып, экипаж теңізге жету мүмкіндігін алуға бірнеше рет команда сұрады. Экипаж элерондар ретсіз әрекет ететінін түсінді, сондықтан ұшақтың крені үшін кез-келген команда барынша азайтылды. Жағдайды бақылауға алғаннан кейін экипаж шығысқа қарай ұшып, әуежайда апатты жағдайда қону үшін әуе қозғалысының диспетчері белгілеген ұшу жоспарын орындай бастады. Екі тұрақтандырылмаған тәсілден кейін тек үшінші рет қонуға әрекеттенген кезде ұшақ қауіпсіз қонды», - деп жазылған Португалияның авиациялық оқиғалардың алдын алу және тексеру департаментінің қорытындысында.
Қазіргі уақытта «Эйр Астана» әуекомпаниясы есептің көптеген аспектілері бойынша шара қабылдап, жақында Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен болған оқиғаның кейбір егжей-тегжейін талқылады.
«Кез келген осындай жағдай арқылы біз болашақта мұндай оқиғаларды болдырмауға не көмектесетінін біле аламыз. Бұл - маңызды дайындық пен түсінуді талап ететін күрделі ұшақ. Есеп өте ауқымды және оның ұсыныстарын бағалау үшін бірнеше ай қажет болады. Ұшақтың бүкіл қазақстандық ұлттық экипажы қатты зақымдалған ұшақты жерге қондырып, өте жақсы жұмыс атқарды.
Бұл - олардың кәсіпқойлығы мен жанқиярлығының, экипаждың жер бетінде адам шығынына жол бермеу үшін әуе кемесін Атлант мұхитына жіберуге дайын екендігінің дәлелі болады», - дейді Қазақстан авиация әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.
Мұндай қажеттілік болмады және әуе кемесінің командирі оны Бежа қаласының әуежайына сәтті отырғызды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі экипажға кәсібилігі үшін және «Эйр Астана» әуекомпаниясына осыған мүмкіндік жасаған тиісті дайындығы үшін алғыс білдіреді.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 11 қарашасында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы Португалияның авиациялық-техникалық орталығынан Қазақстанға KC1388 рейсін орындады. Ұшу кезінде техникалық ақау пайда болды, осыған байланысты экипаж қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жақын маңдағы әуежайға қонуға шешім қабылдады. Әуе кемесі Бежа қаласының әскери әуежайына аман-есен қонды. Бортта жолаушылар болған жоқ.