08 шіл, 2020 сағат 21:13

Португалия футболшысы «Тобылға» ауысты

Португалия елінің футболшысы Карлос Фонсека Қостанайдың «Тобылына» ауысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Тобылдың» ресми сайты жаңа ойыншылар туралы ақпаратты жариялады. Карлос Фонсека – Португалияның «Санта-Мария» футбол мектебінің түлегі, ол мұнда екі жыл доп тепті. Бұған қоса Карлос «Тирсенсе» және «Фейренси» командаларында ойнады.

«2013 жылы Фонсека «Черноморец» (Бургас) ұжымына қосылды. Кейін Софияның «Славиясына» ауысты. Қазақстанда португалдық ойыншы «Ертіс» құрамында өнер көрсетіп келді. Фонсека 2015 жылы павлодарлықтардың футболшысы атанды. Соңғы жылдары ол «Ертістің» капитаны болды. Хавбек Қазақстан чемпионатында 150 матч өткізіп, 23 гол соқты және 15 голға мүмкіндік жасады», делінген клубтың ресми сайтындағы ақпаратта.

Қостанайлықтар сапына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый да қосылды. Қорғаушымен келісімшарт 2020 жылдың соңына дейін жасалды.