22 шіл, 2020 сағат 19:30

Полиция формасын заңсыз киген әнші Кентал айыппұл төлейтін болды

Полиция формасын заңсыз киген әнші Кентал айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Алматы қаласының сотының шешімемен көпшілікке Кентал деген атпен танымал әнші Талғат Кенжеболатовқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 675-бабына (Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) сәйкес 5 АЕК көлемінде (13 890 теңге) айыппұл салынды.

«Судья кей деректі (видоны) толық зерттемей шешім шығарды. Біз 10 күн ішінде сот шешіміне шағымданатын боламыз. Біз соттың шешімімен келіспейміз», - деді әншінің қорғаушысы Мұрат Амитов. 

Айта кетсек, полияция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы видеоны анықтаған. Бейнекадрде полиция қызметкері бейнесіндегі ер адам: «Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса, біреуді несие қинаса. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз де өлеміз», - деді. Тексеру кезінде видео авторы әнші және актер Кентал болып шықты.