19 мау, 2021 сағат 00:40

Планетаның әрбір жүзінші тұрғыны - босқын



Планетаның әрбір жүзінші тұрғыны - босқын. Олардың саны соңғы онжылдықта екі есеге өсті және бүгінде 82 миллионнан асып отыр, деп хабарлайды Euronews.


БҰҰ есебінде мигранттардың көп бөлігі «ішкі қоныс аударушылар», яғни өз елдерінде босқындарға айналғандар екені атап өтілген.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, көші-қон мәселелеріне қарағанда, ішкі қоныс аударушылар түйткілдерін шешу қиын, өйткені олар қарулы қақтығыс жағдайында тіршілік кешіп жатыр. «Йемен туралы, Тиграй туралы, Ауғанстан туралы ойлаңыз. Тренд, одан әрі өсу тенденциясы бар Бұл бізді қатты алаңдатады. Осы есепте ішкі қоныс аударушылар саны шамамен 50 миллионға жуықтады», - дейді ол.


Босқындардың көпшілігі - сириялықтар. Олардың саны 6,8 млн. Екінші орында - палестиналықтар, үшінші орында - венесуэлалықтар. Оңтүстік Суданмен және Мьянмамен бірге осы бес елдің азаматтары босқындардың үштен екісін құрайды.


Ал, әлемдегі мигранттардың 42%-ы кәмелетке толмаған балалар болып отыр.