17 қар, 2021 сағат 13:38

Pfizer 95 елде коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмек шығармақ


Америкалық Pfizer фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен женевалық Дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19 вирусына қарсы тәжірибелік дәрі-дәрмек шығару келісіміне қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде бұл препараттың өндірісіне берілетін лицензия оны әлемнің 53 пайыз тұрғыны бар 95 елде шығаруға мүмкіндік беретіні нақтыланған. 

«Бастапқыда бұл дәріні тек қауіп тобына жатқызылатын адамдарға ғана беру керек деп ойлаймыз. Мұндағы мақсат – олардың ауруханаға түсуіне және аурудың асқынуына жол бермеу. Препаратты аурудың алғашқы белгілері шыққан кезде бірден қабылдау керек», - деп баяндады патенттік пул өкілі Эрве Верхусель.