Фото: freepik.com
Петропавлда әйел адам бірге тұратын ер адамды теледидар пультімен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 7 ақпан күні таңертең әйел мен оның бірге тұратын серігі спирттік ішімдік ішкен. Отырыстың барысында олардың арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.
Алдын ала дерек бойынша, жанжалды алғаш болып ер адам бастаған. Бұған жауап ретінде әйел оны теледидар пультімен басынан бірнеше рет ұрған.
Келесі күні ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Алайда он күннен кейін ауыр бас-ми жарақаты салдарынан көз жұмды.
Әйел адам ұсталды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
