26 ақп, 2026 сағат 12:35

Ұзақ уақыт кола ішкен бала қан құсып ауруханаға түсті


Фото: Новости из Кремля/telegram.org
Владивостокта бала қан құсу белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Бұған себеп кола сусыны болып шықты, деп хабарлайды  Ult.kz.

Жасөспірім жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, газдалған сусынды ұзақ уақыт бойы тұтынудың салдарынан эрозиялық гастрит асқынған.

«Кола құрамында аз мөлшерде болса да ортофосфор қышқылы бар. Бұл – тотты еріту үшін қолданылатын зат», – деп хабарлады медицина қызметкерлері.