26 ақп, 2026 сағат 15:03

Петропавлда әйел танысын пультпен ұрып өлтірді


Фото: politico.kz


Петропавлда ер адам кісі қолынан көз жұмды, күдікті – таныс әйелі, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.


Марқұмның жасы 52-де. Оқиға 7 ақпанда қаладағы жеке үйлердің бірінде болған.


"Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталды. Полиция өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - дейді полиция.


Әйел танысын пультпен ұрып өлтірген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.