19 шіл, 2021 сағат 16:04

Павлодарлық егіншілер агросақтандырудың пайдасын көре бастады



Шарбақты ауданында орналасқан «Победа» ЖШС 50 мың га жерге бидай, арпа, тары, жүгері егеді. Мұндай ірі шаруашылықты құрғақшылықтан сақтау мәселесі өзекті екені тағы бар. Осы орайда аталған мекеме сақтандыру төлемдеріне мән беріп отыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Пайдасын екінші жыл қатарынан көріп отырған шаруашылық оны жыл сайын жасауды жоспарлап отыр.

«Өткен жылдан бастап сақтандыруды бастадық. Басында қалай болатынын түсінбей, сенімсіздік танытқанымыз рас. Алайда мамандардың кеңесінен кейін тәуекел деп көруге бел байладық. Былтыр 2020 жылы фермерлер үшін өте ауыр болды, егін егу кезінде де, жинау кезінде де ыстық болды. Сақтандырудың арқасында 700 мың теңге төлеп, шамамен 3 миллион теңге алдық. Біз тәуекелге толы егіншілікте сақтандырудың өте тиімді екенін түсіндік», - деп еске алады «Победа» ЖШС инженер-бағдарламашысы Алексей Безуглов.

Расында былтыр егілген алқаптардан аграршылар ештеңе алған жоқ деуге болады, өнімділік гектардан центнерді ғана көрсетті.

Алексей Безугловтың айтуынша, шаруашылық биыл да ылғал деңгейін алдын-ала тексеріп, дақылдар көтеріле алмайтын жерлерді анықтаған. 1500-га дәнді және 500 га майлы дақылдар сақтандырылып, 2 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.

Елімізде көп шаруалар сақтандыруды түсіне бермейді. Оны бос шығын деп есептеуі әбден мүмкін. Дегенмен, шаруалар дақылдар сақтандырылған болса, шығындардың кем дегенде бір бөлігін өтеуге болатындығын түсінуі керек. Мәселен, сақтандыру үшін 300 мың теңге беріп, миллион алуға болады.

Айта кетейік, сақтандыру www.qoldau.kz сайтының Agroinsurance жүйесінде өтеді. Тіркеліп, сақтандырғыңыз келетін бөлімді, сақтандыру компаниясын таңдайсыз және шарт құнының 50%-ын төлейсіз. Қалған 50%-ын мемлекеттік оператор - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры енгізеді. Ең тиімдісі, мамандардың мекендерге баруының қажеті жоқ. Шаруашылық төлемге өтініш береді және тәуекелдер үшін өтемақысын алады.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Асқар Қалиевтің айтуынша, 7 өңірде және астанада 121,3 мың га жер сақтандырылған екен.

«Сақтандыруға әлі де мән бермей отырған шаруалар бар. Дегенмен, сақтандырудың пайдасын көріп үлгергендер де жетерлік. Аграршылар келісімшарттар бойынша алғашқы төлемдерді алып жатыр. Мысалы, 39 мың га егістігін сақтандырған 32 шаруашылық 190,5 миллион теңге мөлшерінде төлем алады. Осы шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақысы 319 миллион теңгені құрады, оның жартысын шаруашылықтар төледі, жартысын субсидиялар ретінде агросақтандыру саласындағы оператор болып табылатын біздің компания төледі», - дейді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Асқар Қалиев.

Белгілі болғанындай, 14 шілдеге дейін аграршылар топырақтағы артық ылғалдылық индексі бойынша, яғни егін жинау кезеңіндегі жаңбыр үшін шарт жасасқан. Ал өткен жылы мал шаруашылығындағы сақтандыру өз шаруашылығының аумағында немесе 5 км радиустағы көрші шаруашылықтардың аумағында аурулар, өрт, жазатайым оқиғалар, апаттар және ұрлықтар нәтижесінде ірі қара малдың өлімінен, сойылудан және жоғалудан сақтандыру сияқты жаңа сақтандыру өнімі енгізілді. Осылайша, былтырдан бері мал шаруашылығында 25 сақтандыру шарты жасалды, бұл 6,9 мың бас малды сақтандыруға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Шарбақты ауданында орналасқан «Победа» ЖШС 50 мың га жерге бидай, арпа, тары, жүгері егеді. Мұндай ірі шаруашылықты құрғақшылықтан сақтау мәселесі өзекті екені тағы бар. Осы орайда аталған мекеме сақтандыру төлемдеріне мән беріп отыр. Пайдасын екінші жыл қатарынан көріп отырған шаруашылық оны жыл сайын жасауды жоспарлап отыр. Сақтандырудың арқасында 700 мың теңге төлеп, шамамен 3 миллион теңге алған. Сақтандыру www.qoldau.kz сайтының Agroinsurance жүйесінде өтеді. Тіркеліп, сақтандырғыңыз келетін бөлімді, сақтандыру компаниясын таңдайсыз және шарт құнының 50%-ын төлейсіз. Қалған 50%-ын мемлекеттік оператор - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры енгізеді.