Фото ©REUTERS
Павел Дуров Бразилияда неге Telegram бұғатталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Бразилия Федералды Жоғарғы сотының судьясы жұмада елде Telegram-ға тыйым салуды бұйырды. Себебі мессенджер билікпен ынтымақтастықтан бас тартқаны айтылды.
"Біздің және Бразилия Жоғарғы сотының корпоративтік мекенжайларымы арасында электрон хат алмасуда қателер туындаған сияқты. Осы түсінбеушіліктің нәтижесінде сот Telegram-ды бұғаттауға шешім шығарды", - деп жазды Дуров блогында.
"Команда атынан Бразилияның Жоғарғы сотынан кешірім сұраймын... Telegram-ды ондаған миллион бразилиялық отбасымен, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынас жасау үшін қолданатындықтан, соттан біз Бразилияда өкіл тағайындап, жағдайды түзету үшін шешімді бірнеше күнге кейінге қалдыруды қарастыруды сұраймын", - деп қосты ол.