#
#
Жексенбі 25/10/2020

Парламент мемлекеттік қызметшіге сыйлық сыйлауға тыйым салатын құжатты қабылдады

  • 23.09.2020
  • 0
  • 64

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құжатқа Сенат енгізген толықтырулармен келісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын Парламент Мәжілісі 2020 жылғы 3 маусымда мақұлдаған. Сенат енгізген өзгерістер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және мазмұнын нашарлатпайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен түзетулерді алып тастау – осы кодекске жеке заңмен ғана өзгерістер немесе толықтырулар енгізуді талап ететін норманың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты. Бас комитеттің отырысында келіп түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған орай Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады», - деді депутат Жанат Жарасов. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 17 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылады. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. 

Заң жобасының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі түрде алдын алу жөніндегі қосымша шараларды енгізу. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленеді. Сондай-ақ өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым енгізіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар