Bloomberg агенттігі коронавирус пандемиясы кезінде ең қауіпсіз елдердің рейтингін жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Рейтингтегі елдің жағдайын бағамдаудың негізгі көрсеткіштері ретінде пациенттердің жалпы саны, өлім-жітім көрсеткіштері, тексерілген адамдардың саны және вакцинация қарқыны туралы ақпарат алынды.
Осылайша, 79,7 ұпай ұпай жинаған Сингапур бірінші орынға тұрақтаған. Жаңа Зеландия - 79,6 ұпаймен екінші орында. Көшбасшылар қатарына яғни үшінші және төртінші орын иеленген Австралия (76,2 балл) және Израиль (74,9 балл) енді. Бесінші орында - Тайвань. Алтыншы - Оңтүстік Корея, жетінші - Жапония, сегізінші - БАӘ, тоғызыншы - Финляндия, оныншы - Гонконг.