03 шіл, 2020 сағат 14:41

Пан Ги Мун Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жасыл дамудың жаһандық институтының төрағасы, БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

«Пан Ги Мун Елбасын келе жатқан мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және барлық жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.

Саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті.

Елбасы Пан Ги Мунге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Жасыл дамудың жаһандық институты арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру қажеттілігіне тоқталды.

Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы бастамашы болды», - делінген ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында.